2024 жылғы 18-19 сәуірде Мәскеу қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 8-ші кеңесі өтті.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәскеуге Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары ректорларының делегациясын басқарып Мәскеуге келді.
Өкілдік делегация құрамына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры — Е.Б.Сыдықов; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры — Б.А.Тілеп; Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры — М.М.Бегентаев; Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры — С.С.Сагинтаева және Алматы Менеджмент Университетінің президенті — А.Б.Қожахметов кірді.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева делегация құрамында «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының, Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) және Мәскеу авиациялық институтының (МАИ) басшылығымен, Қытайдың Білім министрімен, сондай-ақ біздің министріміз Саясат Нұрбектің Мәскеу жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстанның студенттері мен тағылымдамашыларымен кездесулеріне қатысты.
Қазақстандық делегация мен Мәскеу жоғары оқу орындарының басшылығы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасында Мәскеу жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға дайындық жұмыстарына арналған жан-жақты келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында жоғарыда аталған жоғары оқу орындарының қызметі мен дамуының негізгі бағыттарының панорамалық суреттері, озық ғылыми жетістіктер, зертханалық және материалдық-техникалық жабдықталуы, білім беру процесіндегі негізгі өзгерістер мен инновациялар, халықаралық ынтымақтастық, студенттік белсенділік саласындағы жобалар ұсынылды.
Ресейлік жоғары оқу орындарымен аграрлық нарықтар, туризм, экология, логистика, креативті экономика, индустриялық серіктестермен өзара іс-қимыл ерекшеліктері, эндаументтегі нысаналы капитал қорын қалыптастыру және дамыту бойынша желілік білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылды.
Біздің министр салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ММХҚИ ректоры А.В. Торкуновқа жолдаған хатын тапсырған кезде ММХҚИ-да маңызды шара болды. Министр Президент, ММХҚИ түлегінің бастамасымен Қазақстанда биылғы қыркүйекте университеттің 80 жылдығын мерекелеуге арналған түлектер кездесуі өтетінін айтты.