Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «AQNIET» жастар қайырымдылық ұйымының белсенділері жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясын өткізді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «AQNIET» жастар қайырымдылық ұйымының белсенділері жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясын өткізді.

Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу болды.

Студенттер өмірде қиын жағдайға тап болған 16 отбасына, оның ішінде 60 балаға мектепте оқуға дайындық үшін мектепке керек-жарақтары мен сөмкелер сатып алуға көмектесті. Бірлесе отырып 160 000 теңге жиналды.

Акцияға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!

Без рубрики