Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары Томск политехникалық Ұлттық зерттеу университетінің (Томск қ., РФ) кафедраларымен және ғылыми орталықтарымен 15 жылдан астам жемісті жұмыс істеп келеді.
Мәселен, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының оқытушылары А.Амангелдіқызы мен Г.Г.Блялова жақында Томск политехникалық университетінде Л.П. ихванов атындағы «Уран геологиясы» Халықаралық инновациялық ғылыми-білім беру орталығында болы.
Орталық Ресейдің минералды-шикізат уран кешені үшін сирек және радиоактивті элементтердің кен орындарын геология, іздеу және барлау саласында мамандар даярлау үшін құрылған. Оның құрамына студенттер мен жас ғалымдар бірегей құзыреттерге ие болатын бірнеше зертханалар кіреді: олар радиоактивті және сирек металл шикізатының кен орындарын іздеуді және игеруді үйренеді, өндірудің ең тиімді технологияларын, кен орындарында кенді ашу схемаларын олардың минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды, кен орындарының цифрлық модельдерін жасайды.
Әріптестермен кездесу барысында Томск политехникалық университетінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сирек жер элементтерінің минералдық нысандары және олардың көздері бойынша алынған нәтижелер Сарысу-Теңіз блогы аумағында және оған іргелес аудандарда одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау және жүргізу кезінде пайдаланылатын болады. Кен орнының көмірі мен саз қабаттарының минералды құрамы туралы жаңа мәліметтер сирек элементтерді алудың тиімді әдістерін таңдауға және көмірді байыту әдістерін жетілдіруге пайдалы болуы мүмкін