Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығында ЖОО құрама командасы студенттер арасында футзалдан ҚР Чемпионатында 2-орынды иеленді


2023 жылғы 20-24 қараша аралығында «University League» қоғамдық қоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жоғары оқу орындарының құрама командалары арасында футзалдан ҚР чемпионатының суперфиналын өткізді.

Чемпионатты өткізу мақсаты – еліміздің әуесқой азаматтары арасында футзалды дамыту, насихаттау және танымал ету, студент жастарды футболмен айналысуға тарту, әуесқой футболдың бірыңғай ұжымдық рухын қалыптастыру. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек суперфинал қатысушыларына құттықтау сөзінде студенттік жылдарда спортқа уақыт бөлу өте маңызды екенін, спорттық жарыстар студенттердің өміріне оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Чемпионаттың финалдық турниріне еліміздің осы танымал спорт түріндегі көшбасшы жоғары оқу орындарын ұсынған 16 команда жолдама алды.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Құрама командасы мықты қарсыластарымен табынды күресте финалға шығып, Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің командасына финалдық ойында сәл орын беріп, құрметті екінші орынға ие болды.

Чемпионат жүлдегерлерін марапаттауды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат жүргізді, ол екінші орын кубогы мен медальдардан басқа, біздің команданың капитаны Айдос Темірғалиге естелік белгі мен «Турнирдің үздік жартылай қорғаушысы» дипломын, ал жаттықтырушы В.И. Черномордовқа естелік белгі мен «Турнирдің үздік жаттықтырушысы» дипломын табыс етті.

Студенттер әлемдік деңгейдегі ірі спорттық іс-шараны өткізгені үшін ұйымдастырушыларға және ҚР ҒЖБМ-ға алғыстарын білдірді, сондай-ақ чемпионатты одан әрі жалғастыруға үміт білдірді.

Жоғары спорттық шеберліктерін көрсеткен және жүлделі орын үшін күресте ерекше ерік-жігерін көрсеткен футболшыларымызды Басқарма Төрағасы — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Ректоры, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатов шын жүректен құттықтап, оларға алғыс хаттар табыс етті, оқуда табыс және жаңа спорттық жетістіктер тіледі.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы құрамында студенттер: Қалғожинов Олжас, Мейрам Алмаз, Малибеков Тимур, Ахметкәрімов Аңсар, Охмак Игорь, Дуров Кирилл, Темірғали Айдос, Бекей Тұран, Гаджиев Фаиг, Елеуов Әділ, Сақабай Арман, Бикбаев Руслан, Қуатбеков Әлижан, Әкімов Тимур және Совет Айбек ерекше көзге түсті.

Жаттықтырушылар штабын Е.А. Окасов, В.И. Черномордов, А.С. Ким, Д.Б. Бижамбеков басқарды.

Біздің балалар мен олардың жаттықтырушыларын футзалдан студенттер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіп алған жүлделі орынмен құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз!

Без рубрики