ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА «ЖОО БАЗАСЫНДА «ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНДЕ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ӨТКІЗІЛДІ


Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – белгілі ақындардың шығармалары арқылы қазақ тілінің мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастардың шығармашылығын қолдау.

Байқауға Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, жас ақындар қатысты.

Байқау қазылар алқасының құрамына кірген:

  • Қ.Б. Асқаров – ақын, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, республикалық конкурстардың бірнеше дүркін жүлдегері;
  • А.Б. Жұманов – Қарағанды «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы, «Айқын» газетінің тілшісі;
  • Г.М. Әбілқасов — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы;
  • Аманбаева А.Қ. – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жастар саясаты департаментінің Шығармашылық даму орталығының басшысы.

Байқау жеңімпаздары:

  • Гранпри – Қазыл Ұлан, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің студенті;
  • І орын – Бақытжан Дәулеткелді, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ТТ-22-1 тобының студенті;
  • ІІ орын – Ғани Ералы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті;
  • ІІІ орын – Серікова Еркеназ, Әлихан Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті (Балқаш қ.).

Сонымен қатар, байқаудың 16 қатысушысы алғыс хаттармен марапатталды, оның 12-сі Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері және «Сарыарқа сазы» университеттік домбыра ансамблі.

Без рубрики