2024 жылғы 9 желтоқсандағы жаңа проректорды тағайындау туралы Директорлар кеңесінің шешімімен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және цифрландыру бойынша проректор лауазымына Қанапиянов Тимур Ерболатұлы тағайындалды.
Ұжымға жаңа басшыны таныстырған Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева Тимур Ерболатұлының халықаралық ынтымақтастық пен стратегиялық дамудағы мол тәжірибесін атап өтті.
Ол жаңа қызметінде Тимур Ерболатұлы өзінің тәжірибесін ескере отырып, оған артылған үмітті ақтай алатынына, университет жұмысы халықаралық ынтымақтастық пен стратегиялық даму саласындағы жаңа белестерге жететініне сенім білдірді.
Қанапиянов Тимур Ерболатұлын жаңа лауазымымен құттықтаймыз! Оған жұмыста табыс, барлық мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!