Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жылдың үздіктерін марапаттайтын «STU AWARDS 2024» салтанатты кеші өтті


Жиынды құттықтау сөзімен ашқан университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Сагинтаева Сауле Саветовна үздік үлгеріммен көзге түсіп, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқан студенттерді, магистранттарды және кураторларды “Жылдың үздік кураторы”, Жылдың үздік магистранты”, “Жылдың үздік студенті”, “Жылдың үздік факультет орталығы”,«Жылдың үздік жатақхананың қабаты» номинациялары бойынша марапаттап, төс белгілер табыстады.

Университеттің қоғамдық жұмыстары мен спорттық сайыстарына белсене қатысқан студенттерді Басқарма мүшесі –тәрбие ісі жөніндегі проректор Қалықов Абай Қобыландыұлы Қарағанды ​​облысының «Жастар саясаты мәселелері» басқармасы мен «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының алғыс хаттарымен қоғамдық жұмыстар мен спорттық жарыстарға белсене қатысқан студенттерді мараппаттады.

Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Кәрімова Әнель Нұрланқызы Қарағанды қаласының дамуына белсене араласқан жалынды жастарға Қарағанды қаласы әкімінің атынан алғыс хаттарын табыстады.

Барша марапат иелерін құттықтаймыз! Жетер жетістіктеріңіз көп болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!

Без рубрики