Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ЖОО-ның алдағы 70 жылдығына арналған студенттердің салтанатты жиналысы өтті


Салтанатты жиынға қатысушыларға Басқарма Төрағасы – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, әл-Фараби ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов құттықтау сөз сөйледі. Барлық жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, университеттің қарқынды дамуы мен айтулы жетістіктері туралы айтып, университет өз түлектерін мақтан ететінін атап өтті. 70 жыл ішінде оның қабырғасынан 100 мыңнан астам жоғары білікті мамандар шықты, олардың көпшілігі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ірі кәсіпорындардың басшылары, белгілі ғалымдар болды.

Біздің жоо-да студент жастарға үлкен көңіл бөлінеді: барлық студенттік бастамаларға қолдау көрсетіледі, ректорлық стипендиялардың мөлшері мен саны ұлғайтылады, студенттердің түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы қаржыландырылады. 2021 жылы университет Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен қатар студенттердің жетістіктері бойынша Қазақстанның үздік 5 жоғары оқу орындарының қатарына кіргені кездейсоқ емес.

Іс-шараға қатысушылар университеттің өткені мен бүгіні, Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С.Сағыновтың ЖОО-ның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы баяндайтын бейнефильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады.

Оқу жылының соңында біздің жоо-да қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша, үздік студенттерді, магистранттарды, кураторларды, факультеттердің жастар орталықтарын, жатақханалардың үздік қабаттарын құрметтейді. Бұл жолы марапаттар оқу жылының аяқталуына ғана емес, сонымен қатар ЖОО-ның 70 жылдық мерейтойына да арналды.

Өңірдің қоғамдық, ғылыми және шығармашылық өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің атынан Оспанов Бекарыс пен Кеңесова Назираға алғыс хаттар табыс етілді.

Қарағанды қаласының әкімі атынан Әбілдинова Дариға, Шәйкен Сәния, Әшембек Жансерік, Зекен Алтай, Ниязова Венера алғыс хаттар алды. Қарағанды облысының жастар саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін жастар саясаты мәселелері басқармасының Алғыс хаттары: Жолдасова Мадина, Қадыр Жәния, Манақбаев Арман, Аққазыев Бекжан, Ерешев Абдулкаримге табыс етілді.

Басқарма Төрағасы — ректордың білім берудегі жетістіктері, еріктілер қозғалысы мен студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттары студенттер тобына табысталды. Олардың ішінде: Азат Заңғар, Абдуманапов Түйжан, Оспанова Фатима, Гайнулин Азамат, Сейтмахан Нұрдана, Рымбекова Сабина бар.

Марапаттар мен ақшалай сыйлықтар үздік кураторларға, үздік магистранттарға және жылдың үздік студенттеріне, үздік жастар орталықтарына және үздік жатақханаларға табысталды.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.

Без рубрики