Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ЖОО-ның 70 жылдығына арналған 2023 жылдың қорытындысы шығарылған салтанатты жиын өтті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мерейтойлық 2023 жылды барлық негізгі қызмет түрлері бойынша жоғары көрсеткіштермен аяқтап, халықаралық және ұлттық рейтингтерде лайықты орын алды. Атап айтқанда, QS Stars Rating System әлемдік рейтингі аудитінің қорытындысы бойынша біздің ЖОО «4 жұлдызды» артықшылық берілді. Сонымен қатар, оқу және оқыту сапасы, жұмысқа орналасу және интернационалдандыру сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша университет ең жоғары баға – «5 жұлдызды» алды. Бұл бағалау бізді әлемдегі ең «үздік» жоғары оқу орындарымен бір сатыға қояды.

Салтанатты рәсім өтті, онда «Жыл оқытушысы», «Үздік жас ғалым-инноватор», «Үздік Департамент», «Үздік кафедра», «Үздік құрылымдық бөлімше» және «Үздік факультет» номинациялары бойынша дәстүрлі конкурстың нәтижелері жарияланды.

 

«Жыл оқытушысы» номинациясы:

  • 1-орын – Г.С. Шаихова («Жоғары математика» кафедрасының доцентінің м.а.);
  • 2-орын – Г.Б.  Абдугалиева (Технологиялық машиналар, жабдықтар және стандарттау» кафедрасының доценті);
  • 3-орын – А.В. Таранов («Энергетикалық жүйелер» кафедрасының доцентінің м.а.).

 

«Үздік жас ғалым-инноватор» номинациясы:

  • 1-орын – А.М. Достаева («Нанотехнология және металлургия» кафедрасының доцентінің м.а.);
  • 2-орын – В.С. Портнов («Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры);
  • 3-орын – В.А. Калытка («Энергетикалық жүйелер» кафедрасы профессорының м. а.).

 

«Үздік Департамент» номинациясы:

  • 1-орын – Персоналды басқару департаменті (директоры М. М. Кожухова);
  • 2-орын – Академиялық мәселелер жөніндегі департамент (директоры С.М. Ударцева);
  • 3-орын – Трансформацияны қамтамасыз ету департаменті (директоры А.Ж. Амиров).

 

«Үздік құрылымдық бөлімше» номинациясы:

  • 1-орын – Инновациялық технологиялар колледжі (директоры Н.А. Смагулова);
  • 2-орын — кітапхана (басшысы Б.О. Бейсембаева);
  • 3-орын — бухгалтерия (бас бухгалтер А.Х. Абильтусупова).

 

«Үздік кафедра» номинациясы:

  • 1-орын – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасы (каф. меңг. Ф.М. Исатаева);
  • 2-орын – «Энергетикалық жүйелер» кафедрасы (каф. меңг. Е.С. Нешина);
  • 3-орын – «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы (каф. меңг. Е.Н. Хмырова).

 

«Үздік факультет» номинациясы:

  • 1-орын – Тау-кен факультеті (декан Г.С. Жолдыбаева);
  • 2-орын – Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті (декан Ф.Н. Булатбаев);
  • 3-орын – жол-көлік факультеті (деканның м.а. Б.Ш. Аскаров).

 

Конкурс жеңімпаздарына грамоталар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Конкурс жеңімпаздарын, сондай-ақ ЖОО-ның барлық еңбек ұжымын университеттің 70 жылдық мерейтойына арналған 2023 жылдың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және алдағы 2024 жылы баршаңызға жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики