Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Сәулет апталығы» өтті


«Сәулет апталығы» «Сәулет және дизайн» кафедрасының базасында өтті және «Сәулет» және «Дизайн» білім беру бағдарламаларының студенттерінің, Қарағанды қаласының жетекші сәулетшілерінің, Сәулет-құрылыс факультетінің оқытушыларының қатысуымен бірқатар іс-шараларды қамтыды.

Бұл іс-шараның мақсаты: студенттерге кәсіби конкурстар мен студенттік бағдарламаларға қатысудың кең мүмкіндіктерін көрсету, сәулет қауымдастықтарына кіру мүмкіндігі туралы, жеке әлеуетінін және кәсіби өсуін арттыру үшін бірегей тәжірибе алу мүмкіндігі туралы жеткізу болды.

Іс-шараны «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушылары Маштакова Е.К., Вавилова О.Н. ұйымдастырды. Ақпараттық материалдардың графикалық дизайнын Арх-20-3 тобының студенттері Өмірбекова Ажар мен Саламат Әйгерім қамтамасыз етті.

«Сәулет апталығы» академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылары Чекмарев Андреймен (Познань политехникалық университеті, Польша), Мұрат Томириспен, Түсіпбекова Альбинамен (Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Ресей) кездесуден ашылды. Студенттер оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып, семестрдің курстық және қорытынды жұмыстарын ұсынды, академиялық ұтқырлық бағдарламасының жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Сол күні жас сәулетшілер Кубогының қатысушылары — Асотова Катерина, Городецкий Вильям, Мингачева Дария, Анишлер Вальтер, Мұрат Томирис (жетекшісі — Вавилова О.Н.) өнер көрсетті. Бұл Кубок 2022 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласында өтті және оны Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұйымдастырды. Студенттер осы іс-шараға қатысу, оған дайындық стратегиясы туралы айтып, іс-шараның демеушісі — Saint-Gobain (Франция) компаниясы белгілеген конкурстық жұмысты ұсынды.

Аптаның екінші іс-шарасы 1-3 курс студенттеріне арналған презентацияларды қалыптастыру және рәсімдеу бойынша шеберлік класы болды. Шеберлік класын Арх-20-3 тобының студенттері Қожабаева Диана, Комшабаева Амина, Михайлова Арина өткізді. Қорытындылау кезінде үздік жұмыстар атап өтілді.

Үшінші күн бітіруші курс студенттерінің ҚР құрметті сәулетшілерімен, ҚР Сәулетшілер одағының мүшелері С.Ф. Даутбергеновпен және К.Ш. Мұсаевпен кездесуімен өтті.

Іс-шара қонақтары қаланың бас жоспарын дамыту перспективалары, қалалық ортаның сәулеті мен дизайнының өзекті мәселелері туралы айтып берді. Дипломдық жобалау үшін таңдалған тақырыптар бөлек талқыланды. Дипломдық жобалауға кәсіби көзқарасқа, жобаға дейінгі талдауды мұқият жүргізуге және ұсынылған нысанды қолданыстағы құрылыс пен ландшафтқа біріктірудің маңыздылығына назар аударылды. Сәулетшілер студенттерді батыл архитектуралық шешімдерге, инновациялық ұсыныстарға және шығармашылыққа ынталандырды.

5-курс студенттері Асотова Катерина мен Городецкий Вильям «SketchUp және Revit» Кәсіби компьютерлік бағдарламалары бойынша шеберлік класын өткізді.

«Сәулет апталығы» «Сәулет» және «Дизайн» білім беру бағдарламаларының барлық курстарының студенттерін қамтыды. Ақпарат берудің стандартты емес түрі, бейресми қарым-қатынас мүмкіндігі, кәсіби ортаға ену студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды.

Өткізілген іс-шараның өзектілігі болашақ мамандарға білікті адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін коммуникативтік дағдыларды игеруде, белгілі бір оқиғаны, жаңа ақпаратты талқылауда, өзекті мәселелерді шешуде маңызды екені сөзсіз. Командада әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті сенімділікті, кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға, ортақтастық сезімін дамытуға және жетілген маманға айналуға көмектеседі.

Без рубрики