Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Пенджаб университетінің профессоры Dr. Rub Nawas Lodhi магистранттар мен докторанттарға дәрістер топтамасын оқиды


2022 жылдың 17 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің «Шет тілдері» кафедрасы шетелдік ғалым, Пенджаб университетінің (Лахор, Пәкістан) қауымдастырылған профессоры, Оңтүстік Флорида университетінің ғылыми қызметкері (АҚШ), стратегиялық менеджмент және  бизнес-аналитика саласындағы ғалым, Хирш индексі 9 көрсеткішіне ие «Hospitality and Tourism Technology» журналының штаттан тыс редакторы доктор Rab Nawaz Lodhi мырзаны қабылдайды.

Профессор Rab Nawaz Lodhi кафедрада магистранттар мен докторанттарға арналған «Presentation Skills» және «Leadership & Management Skills» сияқты курстар бойынша лекциялар топтамасын оқиды. Аталған лекцияларда қатысушылар көшбасшылық пен басқарушылық қасиеттерді дамытудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат алады. Дәріскер оңтайландыру стратегияларына тоқталып, басқару саласындағы пайдалы тәжірибесімен бөлісті.

Дәрістер топтамасы біздің магистранттар мен докторанттар үшін баға жетпес оқу мүмкіндігін береді: оларға алған білімдерін кәсіби мансабын дамытуда басқарушылық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалана алатындай менеджменттің негізгі теориялары беріледі.

Сондай-ақ, шетелдік ғалым доктор Rab Nawaz Lodhi бакалавриаттың үшінші курс студенттері үшін практикалық сабақтар өткізуде. Сабақ барысында кәсіби бағдарланған шет тілін оқып жатқан студенттеріміз сөйлеу лексикасы мен грамматика негіздерін табиғи түрде меңгеру арқылы сөйлеу дағдыларын жаттықтыруға, сонымен қатар басқа елдің — Пәкістанның мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады.

Без рубрики