Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ОӘБ-ЖБТ кеңейтілген отырысы өтті


2025 жылдың 28 наурызы күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Қызметтер» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің ОӘБ-ЖБТ кеңейтілген мәжілісі өтті. Аталмыш топ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің РОӘК құрамына кіреді.

Іс-шараға шетелдік сарапшылар, жұмыс берушілер, стейкхолдерлер, сондай-ақ Инженерия және инженерлік іс: Механика және металл өңдеу; Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) бағыттарының мамандар даярлайтын білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Жалпы, отырысқа 83 маман қатысып, білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кеңейтілген отырыстың модераторы –ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Исатаева Фарида Муратовна болды.

Пленарлық отырыста университеттің басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Мехтиев Әли Джаванширович алғыс сөз сөйлеп, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестіктерді басқару және үйлестіру бойынша Қазақстандағы жетекші университеттердің бірі екенін атап өтті. Ол университеттің әртүрлі мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын үйлестіруде белсенді жұмыс атқарып жатқанын, әсіресе Инженерия және инженерлік іс: Механика және металл өңдеу; Өндірістік және өңдеу салалары: Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру; Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша); Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау және басқа да техникалық бағыттардағы мамандар даярлау мәселесінің өзектілігін атап өтті.

Кеңейтілген мәжіліске офлайн форматта 50 адам, онлайн форматта 30 адам қатысты.

Жиын барысында баяндама жасаған спикерлер:

  • Юрченко Василий Викторович – PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі.
  • Сафонов Андрей Александрович – «Мэйкер» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры.
  • Берг Андрей Алексеевич – «SimuComp» ЖШС CAE-инжиниринг бөлімінің басшысы.
  • Витаутас Бучинскас – PhD, Вильнюс Гедиминас атындағы техникалық университеті, профессор, «Мехатроника, робототехника және цифрлық өндіріс» кафедрасының меңгерушісі,  Вильнюс қаласы, Литва
  • Витаутас Турла – техника ғылымдарының докторы, профессор, Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, шетелдік сарапшы.
  • Ким Владислав Николаевич – «KazTechPro» ЖШС сервис директоры.
  • Аймагамбетова Раушан Жанатовна – ҚР ИДМ ҚТРМ салалық кеңесінің төрағасы, КазСтандарт ҒЗЖ және оқыту департаментінің басшысы.

Мәжіліс аясында Исатаева Фарида Муратовна кеңейтілген отырыс барысында ұсынылған оқулықтарға гриф беру туралы шешім қабылдады және өзге де спикерлер ойларын ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша қатысушылармен пікір алмасты.

Пленарлық отырыстан кейін қатысушылар секциялық сабақтарға қатысып, университеттің зертханалары мен оқу-өндірістік базасымен танысты. Отырыс қорытындысында алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалып, білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа қадамдары белгіленді.

«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Қызметтер» бағыттары бойынша білім беру жүйесінің дамуы – елдің технологиялық және экономикалық өсуінің негізі. Сондықтан бұл салаларда білім беру сапасын арттыру, жаңа әдістемелер енгізу және халықаралық тәжірибені игеру – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін маңызды қадамдар болып табылады.

Без рубрики