2024 жылдың 28 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жанынан ашылған Конфуций институтының 10-шы отырысы өтті. Ол Конфуций институтының 2023 жылғы жұмысы туралы есеп беру және 2024 жылға арналған қаржылық есеп жобасын бекітуге арналды.
Серіктестікті нығайтуға бағытталған отырысқа Қытай елінен келген Шыхэцзы университетінің партия комитеті хатшысының орынбасары Ма Чуньхуэя университет арасындағы серіктестіктеріне толағай табыстар тіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 Конфуций институты жұмыс істейді. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында 2012 жылы құрылған.
Стратегиялық даму жөніндегі директоры Гульнара Жетесова өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық 30 жылдан бері берік сақталып, университеттер арасында да сабақтасып келе жатқанын айтты. 12 жылдан бері университет жанынан құрылған Конфуций институты соның бір дәлелі.
Сонымен қатар, 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жариялануы, өзара мәдени-гуманитарлық келісім жасауға тағы да ашылған мүмкіндік екенін жеткізді. Сөзін қорытындылай келе, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанынан құрылған Конфуций институты болашаққа сеніммен қарайтынын және одан әрі дамуға бағыт алғанын ерекше атап өтті.
Отырыс шеңберінде Қытай тарапынан Конфуций Институтының директоры Чжоу Юаньци Конфуций институтының 2023 жылы атқарылған 44 мәдени іс-шара жұмыстарымен таныстырды. Осылайша, соңғы бір жылда қытай тілін үйренуге арналған 16 үйірме ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта Конфуций институтында 195 студент білім алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға артық.
Конфуций Институтының Қазақстан тарапынан директор Татьяна Филиппова қытайлық тұрақты серіктес – Шыхэцзы университетінің қолдауымен жастар қытай тілі мен мәдениетін оқып, «Қытай тілі көпірі» халықаралық қытай тілі байқауларына белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленгені туралы баяндады. Атап өткендей, Конфуций институты ҚарТУ-де қытайтанудың дамуына елеулі үлес қосуда. Қазіргі уақытта Конфуций институтының түлектері екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінде, ірі бірлескен компанияларда, жоғары оқу орындарында және басқа құрылымдарда жұмыс істейді.
2023 жылдардағы жұмыс нәтижелері және 2024 оқу жылына арналған жоспарлары туралы есептер тыңдалып, мақұлданды. Конфуций институтының кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы Қытай Халық Республикасында өтеді. Шара соңында екі тарап кәде-сыйлармен алмасып,алғыстарын білдірді.