Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Ел астанасы – Астана» атты диктант өткізілді


Жазбаша қарым-қатынас барған сайын маңызды рөл атқара бастаған қазіргі қоғамда сауаттылыққа қойылатын талаптар да артып келеді. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 14-18 қараша аралығында орыс тілі мен мәдениеті кафедрасы «Ел астанасы – Астана» атты диктант өткізді. Оған мемлекеттік тілде оқитын 1-курс студенттері қатысты: Э-22-1, ЭЭ-22-1 с, РЭТ-22-1, ОЦ-22-1, Арх-22-2, Н-22-1 және ГД-22-2-топтары.

Конкурс қорытындысы бойынша 1-орынды Каденов Ернар (РЭТ-22-1 – тобы); 2-орынды Қуат Диана (Е-22-1 – тобы) және 3-орынды Қалымжан Мадияр (ЭЕ-22-1 с –тобы) иеленді.

Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

Оларды жеңістерімен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики