Бүгін, 25 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Амантайұлы Алпысов келесі жауапты тұлғалармен бірге келді: Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Мақсатұлы Қожақапанов, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Жолдыбайұлы Қожанов және Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Павлович Ильницкий.
Кездесу барысында өңірдің көлік инфрақұрылымы мен агломерациясын дамыту үшін университет пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Әділ Суратұлы Қадыров қонақтарды бірқатар жобалармен таныстырды:
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардағы «ең қарбалас» сағаттардағы кептелістерді жою үшін жылдам құрастырылатын жол өтпесінің конструкциясын әзірлеу.
- Қалалық коммуналдық желілерді жөндеу кезінде қолданылатын жылжымалы жол өтпесінің конструкциясын әзірлеу және есептеу.
- Ішкі жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарын жоюға арналған ультрадыбыстық құрылғының конструкциясын жасау.
- Ультрадыбыстық автомобиль бәсеңдеткішін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Ультрадыбысты қолдана отырып, автомобильдің салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету әдістерін әзірлеу және зерттеу.
Сондай-ақ, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы профессорының м.а., т.ғ.к. Оюм Темірғалиұлы Балабаев «САРЫ-АРҚА» халықаралық көлік-логистикалық орталығы» атты, сондай-ақ, «Экономика және кәсіпорын менеджменті» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Серік Шәкірұлы Акенов «Қазақстандағы жолаушылар қалалық көлігіндегі тарифтерді саралауды маркетингтік зерттеу» атауымен жобаларды ұсынды.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Қарағанды агломерациясы, көлік жүйелерін жаңғырту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Өз кезегінде Басқарма Төрағасы-Ректор Сауле Сагинтаева университет ғалымдарының қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған осы бағдарламаларға қатысуға мүдделілігі мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын атап өтті