ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ ЖАЛҒАСУДА


Шетелдік ғалымдарды оқытушылық қызметке тарту жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеттің 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған бірқатар жоспарланған іс-шаралар аясында Малайзия техникалық университетінің (UTM) профессоры Розанна Закария өз сабақтарын Құрылыс материалдары және технологиялар кафедрасында өткізетін болады.

Розанна Закария 12 Хирш индексіне ие және құрылыс алаңдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі BIM технологияларын қолдану бағытында бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Оның Құрылыс 4.0, Жасыл экономика сияқты бірқатар ғылыми қызығушылық бағыттары біздің университеттің ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Профессор Розанна Закария 1-курс магистранты Анастасия Рожкованың «Инженерлік жүйелер» бағытындағы диссертациясын бірлесіп басқаруды қолға алды, университеттің ПОҚ үшін бірқатар оқыту тренингтерін жоспарлады, сондай-ақ ынтымақтастықты кеңейту мақсатында бірлескен мақалалалар дайындайтын болады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыруды өз қызметінің маңызды түрлерінің бірі ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, жоспарланған 70 жылдық мерейтойлық іс-шаралар аясында Венгрия, Польша, Малайзия және АҚШ-тан бірқатар ғалымдар келеді деп күтілуде.

Без рубрики