Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жас ғалымдар үшін грантқа ғылыми жобалар конкурсын жариялады


Құрметті әріптестер, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жас ғалымдар арасында ғылыми жобаларды іріктеу бойынша конкурс өткізетінін қуана хабарлайды.

🔬 Сізде бірегей ғылыми идея бар ма? Сіздің салаңызда жаңа жол ашқыңыз келе ме? Онда бұл сіздің мүмкіндігіңіз!

💡 Біз ғылым мен қоғамға үлес қосуға дайын өршіл және креативті жас ғалымдарды іздейміз.

🚀 Қаржылық қолдау алу үшін біздің байқауға қосылыңыз.

Болашаққа әсер ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз – дәл қазір өтініш беріңіз және қолыңыздан не келетінін әлемге көрсетіңіз!

 

Өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 1-18 сәуір аралығында

Конкурсқа университеттің 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) штаттық ПОҚ және ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

2024 жылға бөлінетін гранттар саны – 7.

Бір грантқа қаржыландыру көлемі — 500 000 (бес жүз мың) теңге.

 

Өтінімдер 2024 жылғы 18 сәуірге дейін қоса алғанда Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінде қабылданады (228- каб., бас корпус. e-mail: dn-kstu@mail.ru)

Конкурстық жұмыстарды бағалау және нәтижелерді шығару — 2024 жылғы 30 сәуірге дейін.

Алдағы конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты 56-51-87,  22-26 ішкі телефон арқылы e-mail: dn-kstu@mail.ru. алуға болады

 

Конкурс туралы ереже

Без рубрики