Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Волонтерство – добро с большой буквы» атты республикалық бейнепрезентациялар конкурсын өткізеді


Еріктілер қозғалысын дамыту, жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында 8-20 ақпан аралығында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ орыс тілі мен мәдениеті кафедрасы «Волонтерство – добро с большой буквы» атты республикалық бейнепрезентациялар байқауын өткізеді.

Іс-шараның мақсаттары:

— жастарға қоғамға ерікті қызмет ету идеялары мен бастамаларын қолдау;

— мұқтаж жандарға өтеусіз көмекті жүзеге асыруда жастардың әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау;

— жастарды гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени және ақпараттық-консультациялық жобаларға қатысуға тартуға ықпал ету;

— жастардың құндылық бағдарларын және белсенді азаматтық ұстанымын дамыту;

-рухани-адамгершілік және толерантты тұлғаның қасиеттерін тәрбиелеу.

Қатысушылардың негізгі міндеті еріктінің қызметі туралы немесе ұйым туралы (ерікті қызметпен қашан және не үшін айналыса бастағаны); жұмыс қай бағытта жүргізілетіні; негізгі жобалар; жетістіктері туралы қысқаша ақпарат беру болып табылады.

Іс-шара үйлестірушілері:

Кабанова Анар Бухарбекқызы – 87007521953

Тажибаева Сауле Мұқажанқызы – 87475997366

Сейдахметова Зергүл Қобландықызы – 87757610767

Без рубрики