Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары шетелдік ғалымдарды бағындырды


Техникалық университет білім алушылары халықаралық конференцияларға қатысты.

Дарын Хайбышев Ю. А. Гагариннің туғанына 90 жыл толуына арналған «Оқу процесіндегі және өндірістегі жаңа технологиялар» атты XXII халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда спутниктік суреттер бойынша аумақты зерттеу тақырыбындағы ғылыми баяндаманы сәтті қорғап шықты.

Сөйтіп, ол Мәскеу политехникалық университетінің Рязань институтының педагогикалық құрамын таң қалдырды. Зерттеудің ғылыми жетекшісі МІжГ кафедрасының аға оқытушысы А. А. Құсайынова, топ кураторы — аға оқытушы Р. Н. Жамантықова болды.

Ерке Бақытжан «Жастар. Жаратылыстану ғылымдары және білім» студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қашықтықтан қатысып, «География, туризм және географиялық білім беру мәселелері» секциясында аэроғарыштық суреттер бойынша аумақты зерттеу тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Конференция Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен еді. Зерттеудің ғылыми жетекшісі МІжГ кафедрасының аға оқытушысы А. А. Құсайынова, топ кураторы — аға оқытушы Р. Н. Джамантыкова болды. Студенттердің мазмұнды баяндамалары зерттеулердің қолданбалы сипатын көрсетті.

Без рубрики