Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS WUR жаһандық рейтингінің ТОП 651-700 құрамына кірді


 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті оқытушыларының, қызметкерлерінің, студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының сан мыңдаған ұжымын жақсы жаңалықпен құттықтағым келеді!

2022 жылғы 8 маусымда жарияланған университеттерінің ең беделді QS World University Rankings-2023 әлемдік рейтингтерінің бірінің қорытындысы бойынша біздің ЖОО өткен жылмен салыстырғанда 100 позицияға көтеріліп, аса жоғары кластер – ТОП 651-700 құрамына кірді.

Небәрі 1 жыл ішінде университеттің академиялық беделі мен ғылыми жарияланымдарының сапасын бағалау, интернациоландыруға байланысты индикаторлардың өсуі айтарлықтай жақсарды, бұл ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екендігін дәлелдейді.

QS WUR жаһандық рейтингіне әлемнің 2462 университеті қатысты, оның ішінде 1422-сі іріктелді. Қазақстаннан 16 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 6 ұлттық университет.

Әлемде ғана емес, біздің елімізде де бәсекелестіктің күшеюі жағдайында университет ҚР жоғары оқу орындары арасында 8-ші орынды иеленіп, көрсеткіштердің жоғары өсу динамикасын көрсетті.

QS WUR рейтингінде университет өзінің тарихында алғаш рет осындай жоғары нәтижеге, әрине ең алдымен, бүкіл ұжымның көпжылдық және күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізді.

ТМД және Орталық Азия елдері бойынша QS Өңірлік директоры Сергей Христолюбов университет ТОП 651-700 WUR қатарына кіргені үшін марапатты Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатовқа табыс етті.

Бұл біздің жоғары білім сапасын әлемдік мойындаумен байланысты жеткен ортақ жетістігіміз, жоғары оқу орнына оның негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, ҚР ҰҒА академигі Ә.С. Сағыновтың есімі берілген жылы және 2023 жылы өтетін университеттің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында орын алуының символдық маңызы терең.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сан мыңдаған оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттарын маңызды жетістікпен құттықтаймыз және әлемдік және ұлттық позицияда үлкен биіктерге жетуді тілейміз!

Без рубрики