Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 2024 жылдың 10-12 шілде аралығында Испанияның Барселона қаласында өткен беделді халықаралық QS Higher Education Summit: Europe 2024 саммитінде өз жетістіктері мен инновацияларын табысты таныстырды.
Қазақстандағы жетекші техникалық білім беру және зерттеу университеті ретінде өзін әлдеқашан танытқан университет білім беру, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетті. Бұл саммит жоғары білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және озық тәжірибемен бөлісу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшыларды, ғалымдарды және білім беру мекемелерінің өкілдерін жинады.
Университет делегациясы жетекші еуропалық университеттер мен білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларының мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі кездесулердің бірі «QS Stars қызықты болашағы туралы түсініктер» атты воркшопқа қатысу болды.
QS Higher Education Summit: Europe 2024 саммиті жоғары білім беру, цифрландыру және инновациялар саласындағы жаһандық трендтерді талқылауға арналған маңызды алаң болып табылады.