Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, т. ғ. д., профессор М.К. Ибатов бастаған делегациясы жұмыс сапары аясында Obuda University (Будапешт қ., Венгрия) іс-шараларына қатысты және Оbuda University-нің Университет күніне арналған іс-шараларына қатысты.
Бұл іс-шараларға қаржы министрі Михай Варга және Секешфехервар қаласының мэрі Андраш Чер-Палкович, оған қоса жақын және алыс шетелдердің бірқатар жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Аталған іс-шаралар аясында Жамбек қаласында Венгрияның инновациялық орталықтарының атынан, ұлттық индустрияны перспективалы дамытуға бағытталған Секешфехервар ғылыми-инновациялық паркі және болашақтың өнеркәсіптік ғылыми-инновациялық паркі ашылды.
Сапар барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры Марат Ибатов пен Obuda University ректоры Levente Kovacs машиналық оқыту және деректерді талдау саласындағы магистрлік деңгейде қос дипломды білім беру саласын кеңейте отырып, ынтымақтастық туралы шарт жасасты, оның нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Венгрия индустриясына жасанды интеллект технологияларын енгізу болып табылады. Келісімге қол қою рәсімін өткізу кезінде Венгрияның Мемлекеттік хатшысының орынбасары және қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшісінің атташесі және басқа да қонақтар қатысты. Айта кететін болсақ, Obuda University жасанды интеллект саласындағы жетекші еуропалық университеттердің үш көшбасшысының бірі болып саналады, оған қоса Times Higher Education by Subject Computer Science әлемдік рейтингінің ТОП-601-800 қатарында.
Сондай-ақ, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында IEEE Hungary бірлескен халықаралық ғылыми конференциясын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді, оған кірген еңбектердің жинақтары Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін болады. Бұл конференцияға Хирш индексі 60-тан 140-қа дейін болатын шетелдік ғалымдардың қатысуы жоспарлануда.
Конференцияның негізгі мақсаты – өз ісінің мамандарымен тәжірибе алмасу, нақты тақырыптар бойынша білім мен мүмкіндіктер болашағын дамыту, өзінің кәсіби желісін кеңейту және IT-дегі соңғы тенденциялар бойынша сұрақтарға жауап іздеуге өз үлесін қосу. Конференция әлемдік ғалымдардың ынтымақтастығын дамытуға қызмет етеді, сонымен қоса Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдарына Электротехника және электроника инженерлері институтының-IEEE (Institute of Electrical and Electronics Engineers) құрамына кіруге мүмкіндік береді, ол әлемде кеңінен қолданылатын есептеу жүйелері мен желілерін радиоэлектроника, электротехника және аппараттық қамтамасыз ету бойынша стандарттарды дайындаумен айналысады.
Сондай-ақ, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Times Higher Education-дағы жоғары оқу орындарының рейтингтеріндегі библиометриялық көрсеткіштердің рөліне арналған «Жақсы атақ маңызды: әлемдік беделдің өсу стратегиясы» атты Times Higher Education конференциясына қатысты.
Еуропалық білім беруде кеңінен қолданылатын үштік спираль әдістемесіне сүйене отырып, Obuda University университеттердің қоғамдық мақсатын және олардың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін баса көрсететін 5 спиральдан тұратын инновациялық модельді ұсынды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауының арқасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, индустрия 4.0, жасыл энергетика саласындағы жаһандық академиялық және ғылыми қоғамдастықтың инновациялық және зерттеу қызметіне ПОҚ және білім алушылардың неғұрлым белсенді қатысуы мақсатында, инженерлік және қоршаған ортаны қорғау, сол сияқты білім беру, мәдени және ғылыми алмасулардың маңыздылығын мойындау белгісі ретінде университеттер арасындағы оқытушылар мен постдокторанттар бағдарламаларын алмасуды дамыту жөнінен халықаралық ынтымақтастықтың және әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық әріптестіктің сапалы жаңа деңгейіне көтерілуде.