«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мүдделер қақтығысын реттеу туралы білім деңгейін және ақпараттандыру деңгейін зерделеу


2023 жылғы шілдеде университеттің Комплаенс-қызметі университет қызметкерлері арасында ««Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мүдделер қақтығысын реттеу туралы білім деңгейін және ақпараттандыру деңгейін зерделеу» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнама университеттің келесі ішкі құжаттарының ережелері бойынша сұрақтардан тұрды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, Іскерлік этика кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, Мүдделер қақтығысын болдырмау стандарты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық.

Сауалнама нәтижелері бойынша университет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мүдделер қақтығысын реттеу туралы білімі мен ақпараттылық деңгейі орташа деңгейге сәйкес келетіні анықталды.

2022-2023 оқу жылында құрылымдық бөлімшелердің басшылары Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясаттың және Мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі стандарттың (респонденттердің 95%-ы көрсеткен), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтың (респонденттердің 97%-дан астамы көрсеткен), Іскерлік әдеп кодексінің (респонденттердің 96,8%-ы көрсеткен) ережелерімен танысу және және жариялау бойынша отырыстар/жиналыстар өткізді. Бұл университет басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өкімдерінің орындалғанын көрсетеді.

Алайда, сауалнамаға қатысқандардың тек 48,5%-ы мүдделер қақтығысы деген не екенін жақсы түсінетіндігін, сұралғандардың 57,8%-ы ненің пара заты болуы мүмкін екенін толық түсінетіндігін атап өткен жөн.

Осыған байланысты құрылымдық бөлімшелердің басшылары университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттарының (саясат, стандарттар, нұсқаулықтар және іскерлік этика кодексі) нормаларын ілгерілетуді қамтамасыз етуді күшейтуі қажет.

Без рубрики