Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті БСҚТА-2022 ұлттық рейтингі бойынша Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орны болып танылды


Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚТА, IQAA-Ranking) 2022 жылғы 22 шілдеде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының 2022 жылғы ұлттық рейтингісінің қорытындысын ұсынды.

Биылғы жылы Халықаралық ранжирлеу стандарттарына негізделген еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде Қазақстанның 31 жоғары оқу орны ұсынылған.

Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті БСҚТА бағалауына сәйкес Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының арасында 1-ші орынға ие болды.

Институционалдық рейтингті есептеу әдістемесі жеті академиялық индикаторды талдау негізінде негізделеді: студенттер контингентінің сапалық құрамы; оларды оқыту нәтижелері және ЖОО іске асырылатын білім беру бағдарламаларының саны; профессорлық-оқытушылар құрамы; ЖОО ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмысы; халықаралық ынтымақтастық; ЖОО түлектерін ақпараттық қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру.

Академиялық рейтингтер бүгінде университеттер мен білім беру бағдарламаларын салыстырмалы бағалаудың ең танымал құралы болып табылады және талапкерлерге «өз университетін» таңдауға көмектесе алады.

Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің, студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының сан мыңдаған ұжымын жоғары оқу орнының негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С. Сағыновтың есіміне лайықты айтулы жетістікпен құттықтаймыз!

 

Без рубрики