Белгілі адамдар


Инновациялық технологиялар колледжінінің студенттері – Отанымыздың нағыз патриоттары. Олар колледж өміріне белсене араласа отырып, конкурстар мен дебаттарға да қатыса біледі. Сондықтан, елге елеулі Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында колледж директоры – Н.А.Смағұлованың бастамасымен колледж оқытушылары мен студенттері республикаға аты мәлім ардагер ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор, экология, адам қауіпсіздігі және табиғат ғылымдарының халықаралық академиясының академигі Н.А. Дрижді  құттықтауды жөн көрді. Ол – өз кәсібіне, мемлекетіне зор еңбек сіңірген тұлға. Николай Александрович студенттерді өзі қызмет ететін «Пайдалы қазбалар мен кен орындарын игеру» кафедрасында қарсы алды. Егде тартқан жасына қарамастан, ардагер ұстаз күні бүгінге дейін оқу орны қабырғасында еңбек етіп, тәжірибесімен бөлісуде. Профессор студенттерге еңбек жолының қалай басталғанын айтып, еткен еңбегі мен жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Болашақ мамандарға ақ жол тілеп, биік белестерді бағындыруға талпыну керектігін жеткізді. Колледж студенттері ардагерге көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. 1 курс студенті Кудряшова Оксана «Атамекен» тақырыбындағы патриоттық өлеңді нақышына келтіре орындап, ақсақалдың ақ батасын алды. Өз кезегінде колледж директоры – Н.А. Смағұлова мен ұстаздар құрамы, студенттері ғалымға қылқалам туындысын ұсынып, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Без рубрики