БЕЙЖІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ CHINA SCHOLARSHIP COUNCIL СТИПЕНДИЯСЫ АЯСЫНДА ОҚУҒА КВОТА БӨЛДІ


Пекин технологиялық институты (Пекин, Қытай) 2024 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің білім алушылары мен оқытушылары үшін Сһіпа Scholarship Council (CSC) стипендиясының қаражаты есебінен магистратура (2 жыл) және докторантура (4 жыл) бағдарламалары бойынша оқуға 3 квота бөлді.

Толық CSC стипендиясы мыналарды қамтиды:

  • оқу ақысын төлеу;
  • тегін университеттік жатақхана немесе тұруға субсидия;
  • кешенді медициналық сақтандыру;
  • ай сайынғы стипендия (магистранттар үшін 3000 юань және докторанттар үшін 3500 юань).

* Халықаралық авиабилеттердің құны төленбейді.

*Стипендия Бейжің технологиялық институтында болған кезінде магистратурада (2 жыл) және докторантурада (4 жыл) оқу кезеңіне берілетін болады.

Бағдарламалар туралы мәліметтер

http://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm

  • 32 магистрлік бағдарлама, оның ішінде ағылшын тілінде оқытатын 27 бағдарлама;
  • 29 докторлық бағдарлама (олардың барлығы қытай және ағылшын тілдерінде жүргізілуі мүмкін).

Кіру ақысы: Құжаттары бастапқы тексеруден өткен үміткерлер 600 юань (қайтаруға жатпайды) тіркеу жарнасын тікелей онлайн өтінім жүйесінде төлеуі керек. Тіркеу алымын төлеген үміткерлер кешенді сұхбаттасуға жіберіледі. Өтетін уақыты мен әдісі электрондық пошта арқылы алдын ала хабарланады.

Өтініш беру мерзімі: 2023 ж 22 желтоқсанға дейін

Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін  халықаралық ынтымақтастық орталығына (бас корпус, 241 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.

Без рубрики