Бауыржан Момышұлына арналған әскери-патриоттық іс-шараны өткізу туралы есеп


Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы — XX ғасырдағы Қазақстан тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі. Қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын қазіргі заман тұрғысынан жан – жақты және тереңдете қайта қарастыру, халық батырының мұрасы үлгісінде Қазақстан Республикасының жастарына патриоттық тәрбие беру — осы және басқа да мәселелер «Отан»әскери-патриоттық клубының қолдауымен орыс тілі және мәдениеті кафедрасында 2021 жылғы 12 қарашада ұйымдастырылған іс-шараның тақырыбы болды.

Іс-шара ОТжӘ кафедра меңгерушісі, ф.ғ. к., доцент Б. Р. Оспанова,  аға оқытушы Азимбаева Ж.А.,  аға оқытушы Түсіпбекова А. С. басшылығымен өтті

Іс-шараны өткізудің мақсаты мен міндеттері — жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, өскелең ұрпақты Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметімен таныстыру болды.

Іс-шараға 1 курс студенттері белсене қатысып, әскери, ғалым, жазушы Бауыржан Момышұлының шығармашылығын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселе екенін атап өтті.

Сембек Арайлым, ЦАФ 21-1 топтың студенті, қазақ халқының ұлы тұлғасының әскери және рухани мұрасы туралы, ол қазақ халқының ұлттық мінезінің ең жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, сонымен бірге айналадағы этностардан кез-келген жағдайда мәңгі болатын ең жақсысын ала алды.

Қоблан Әсел, С 21-1 топтың студент, ен бастысы әр қатысушыға Бауыржан Момышұлының аңыз адам және ерекше тұлға, талантты жазушы, әскери теоретик және солдат психологиясын зерттеуші екендігі туралы идеяны жеткізе алды, оның мысалында жастарды тәрбиелеу қажет.

А.Бектің «Волоколамское шоссе», Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты кітаптарының бас кейіпкері Бауыржан Момышұлы болып табылатын кітаптарынан алған әсерімен іс-шараға қатысушылар оның шығармашылық мұрасын өскелең ұрпақпен тәрбие және патриоттық жұмыста пайдалану қажеттігі туралы бірауыздан келісті. Қазіргі кезеңде патриотизмді тәрбиелеудің маңызы бірнеше есе өсті. Бұл ұғымды әрбір қазақстандықтың жаны мен жүрегінде адамгершілік тұрғыдан ұғыну үшін, патриоттық азаматтық ұстанымды іс жүзінде жүзеге асыру үшін жастарда қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу қажет.

Осы іс — шараға қатысқан барлық студенттер ұлы азамат пен патриот Бауыржан Момышұлын еске алу біздің қасиетті парызымыз екендігімен келісті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар іс-шараның барлық қатысушыларына үлкен алғыс білдіреді.

Без рубрики