БАСЫМДЫҚТА – ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


Техникалық жоғары оқу орнының оқытушылары – Англияның Брайтон қаласында өткен IATEFL’2024 – International Association of Teachers of English as Foreign Language халықаралық конференциясына қатысты

Конференцияның мақсаты – «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында техникалық бейіндегі мамандарды ғылыми-кәсіби тілдік даярлауды қарқындату» гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы бойынша зерттеулерді іске асыру.

«Teacher recruitment and retention: from strategy to day-to-day operations» тақырыбындағы LAM SIG IATEFL – Leadership and Management Special Interest Group халықаралық воркшокпына біздің ЖОО-дан жоба жетекшісі, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Д.Д.Жантасова жұмыс тобымен бірге барды.

IATEFL — Ұлыбританияда 50 жылдан астам уақыт бойы тіркелген жаһандық кәсіби қауымдастық. Оның негізгі міндеті — ELT саласындағы оқытушылар мен басқа мамандарды ғылыми-зерттеу және оқытушылық тәжірибе алмасу және кәсіби желіге қосылу платформасын ұсына отырып, олардың кәсіби дамуын қолдау.

Конференцияда пленарлық баяндамадан, мастер-класстардан, постерлік сессиялардан, панельдік пікірталастар мен жарыссөздерден бастап оқытудың өзекті инновациялық технологиялары бойынша форумдарға дейінгі әртүрлі сессиялар ұсынылды.

Теңдестірілген фидбек, скринкастинг және рецензиялау арқылы шет тіліндегі жазуды дамытуды күшейту жөніндегі форум ғылыми қызығушылық тудырды. Білім беру мен индустрияның цифрлық трансформациясын ескере отырып, заманауи педагогикалық технологиялар мен оқытудағы тәсілдер бойынша ғылыми әзірлемелерге шетелдік сараптамалық бағалау жүргізілді. Бұл сараптамаға АҚШ, Англия, Германия, Жапония, Польша және Нидерландыдан 15-тен астам сарапшы қатысты.

Жұмыс желісінің нәтижесі әртүрлі елдердің ғалымдары мен практиктерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа танысу болды.

Без рубрики