«Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасы


Кафедрасының байланысы

«Орыс тілі және мәдениеті» (ОТжМ) кафедрасы – Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады.

Кафедраның мақсаты – кәсіби салада заманауи сөйлеу стратегияларын меңгерген, жоғары тілдік мәдениеті бар жан-жақты дамыған мамандарды даярлау.

ОТжМ кафедрасының даму стратегиясы – қазіргі кәсіби білім беруді жаңғырту бағытында, болашақ маманның жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамытуға, білім мен дағдыларды өздігінен меңгеруге, үздіксіз білім алуға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

ОТжМ кафедрасының тиімді жұмысының басты өлшемі – оқытушылардың қазіргі заман талаптарына сай білім беру стандарттарын жүзеге асыруға дайын болуы, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы арқылы ғылыми әлеуетін дамыту, тіл, мәдениет және кәсіби білім беруді цифрлық технологиялар дамуы аясында біріктіруге бағытталған білім беру бастамаларын қолдау.

Кафедра құрылған күннен бастап ғылыми-зерттеу жұмысы мен педагогикалық қызметтің үйлесімді байланысы «Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасының ерекшелігі болып келеді. Орыс тілін оқытудағы негізгі бағыттарды тиімді іске асырудың басты кепілі – жұмыс формаларының ең тиімді және инновациялық түрлерін үнемі ғылыми тұрғыда іздестіру.

«Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасы университеттің білім беру миссиясын – Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған инновациялық инженерлік білім беру, ғылыми зерттеулер және кәсіпкерлік қызмет сапасын қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады

Без рубрики