Электоромеханикалық және құрылыс бизнес колледжін, информациялық технологиялар мен есептеу техникасы колледждерін біріктіру арқылы университет жанындағы колледж жұмыстарын ретке келтіру мен орта кәсіби білім беру мамандарын даярлау мақсатында №396 бұйрығымен 12.10.1999 жылы құрылған болатын.
Колледж дара құқықты ұйым болып саналмайды ол, «ҚарМТУ» ҚРҚҰ жарғысы негізінде, ішкі тәртіп ережелері бойынша ҚР заң шығару негізінде жұмыс істейді.
Колледж міндеті – экономиканың маңызды бағыттарын алдын алу мәселерін шешуге бағытталғын, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті маманды даярлау.
Стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға бағытталған кәсіптік лицей- колледж-ЖОО жүйесіндегі үздіксіз кәсіби білім беру моделін іске асыру.
Орта кәсіптік білім беру саласында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеттінің құқықтық білім беру қызметі негізінде, Мемлекеттік лицензияға байланысты колледж мамандарды дайындайды.
Колледж негізгі қызметтері:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру; Нақты мамандық пен кәсібі бойынша теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысы бар, орта кәсіби білімді білікті мамандар дайындау.
Жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысы бойынша білікті мамандар дайындауды толық сапасын жетілдіру.
Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде.
Білім беру деңгейі: екінші мәрте кәсіпқой ( квалификация — техник).
Колледждің оқыту құрылымы: білім беру процессінде 121 мұғалім жұмысқа тартылған, олардың ішінде жоғары санатты мұғалімдер саны – 26, бірінші санатты – 18 мұғалім, екінші санатты – 28 мұғалім қызмет етеді