«Автомобиль көлігі» кафедрасының мақсаты болып инженердің (зерттеушінің) инновациялы ойлау стилімен және білімнің жүйелі пайдалану негізінде көлік саласының тапсырмаларын өзі шеше алатындай етіп толық дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасау.
«Автомобиль көлігі» кафедрасы келесідей бағыттармен дайындық жүргізеді:
1. 5B071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және 5B090100 «Тасымалдауларды, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша көлік бакалавры. Оқу барысында көлік бакалаврлары келесі дағдыларды игереді:
— өндірістің жаңа технологияларын өз бетінше игеру;
— өнімнің, табыстың өзіндік құнының пайдалану шығындарын анықтау;
— мақсатқа жетудің тиімді әдістері мен технологияларын таңдау және жүйе (кәсіпорынның, ұйымның, цехтың) мақсаттарының декомпозициясын жүргізу;
— өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен технологиясын, күйін талдау;
— компьютерлік және ақпараттық техниканы қолдану;
— тиеп-түсіру техникасын немесе оның жеке агрегаттары мен механизмдерін есептеу және конструкциялау.
2. 5М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және 6М090100 «Тасымалдауларды, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша көлік Магистрі. Оқу барысында көлік бакалаврлары келесі дағдыларды игереді:
— ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің жалпы ғылыми әдіснамасын, логикасы мен технологиясын, ғылыми өнімнің әр түрлерінде оның нәтижелерін рәсімдеу шеберлігін қолдану;
— педагогикалық қызмет;
— жобалық-іздестіру;
— кәсіптік, ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті көлемде шет ел тілдерін қолдану.
«Автомобиль көлігі» кафедрасының келесі даму болашағы бар:
1. Студенттер мен магистранттарды Академиялың мобильділік Бағдарлама бойынша оқыту (шет ел ЖОО-мен студенттер мен магистранттардың ауысымы).
2. Студенттер мен магистранттардың шет мемлекеттерінде машықтанудан өту.
3. Мамандық пәндері бойынша шет мемлекеттерінің ғалымдарын дәріс оқуға шақырту.
4. ПОҚ шет мемлекеттерінде пашықтанудан өту.
5. Жоғары квалификациялы ғылыми кадрларды даярлау мақсатымен инновациялы ҒЗЖ қатысу.