Балаларды қолдау орталығындағы қайырымдылық акциясы


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері білім алуды қоғамдық өмірге белсенді қатысумен сәтті ұштастыруда. Олар Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуден тыс қалған жоқ.

Өздері әлі де көп жағдайда ата-аналарының асырауында болатын және артық қаражаты жоқ студенттер не істей алады дейсіз ғой? Бірақ болашақ сәулетшілер (AРХ 20-3 тобы, кураторы Т.С. Филиппова) үлкен ықыласпен игі істер жасай алатындығын көрсетті.

Университет жанындағы Конфуций институтының оқытушыларымен бірге олар өмірлік жағдайы қиын балаларды қолдау орталығында «Таңшолпан» қайырымдылық акциясын өткізді. Үлкендердің назар аударуы және олармен бірге жұмыс істеуі бұл балалар үшін қымбат сыйлықтардан да артық. Сонымен, студенттер мен оқытушылар балалар мерекесіне орай қайырымдылық акциясын біршама ерекше түрде өткізуді ойлап тапты. Атап айтқанда сурет салу мен «Түс аулаушы» амулеттерін тоқу бойынша мастер-класстар өткізді.

Балалардың осы қызықты сабақтардың негіздерін қандай қызығушылықпен меңгергенін көрсеңіздер ғой! Бұл болашақта біреуінің мамандық таңдауына серпін беруі мүмкін, біреуі үшін жай хобби болып қалар. Бірақ бұл іс-шара балалардың есінде ұзақ сақталатынына күмән жоқ.  Шынында да, оны өткізуге ұйымдастырушылар өз жандарының бір бөлігін салды.

Ақпаратты Конфуций институтының сайтынан көруге болады http://zh-hant.kstu.kz/

дискіде фото және видео

https://drive.google.com/drive/folders/1MdCvpB6nyaifIcfFNy7BQ6MSNBPJYWB4

Без рубрики