2024 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы күні ұлттық мерекесіне орай Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі м.а., ф.ғ.к., доцент Қ.М. Хамзина және кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «Байтақ елім — Қазақстан» атты студенттер арасында аймақтық шығармашылық байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Республика күнінің басты құндылығын дәріптеу; Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; Әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жандандыру; студенттердің шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту; студенттердің қоғамдық және рухани-мәдени құндылықтарын дамыту.
Байқауға қатысушылардың өнерін бағалауды қазылар алқасының мүшелері: п.ғ.м., аға оқытушы М.Т Оспанғалиева, п.ғ.м., аға оқытушы Қ.Қ. Нұржанова, п.ғ.м., аға оқытушы Л.М.Күлейменова келесі талаптарға сәйкес жүргізді:
- Сөйлеудің техникасы мен экспрессивтілігі.
- Мәтінді білу және түсіну.
- Сөйлеу сауаттылығы.
- Орындаушылық дағдылар.
- Мақсаттылығын қарау, сөйлеу және пластика.
Аймақтық шығармашылық байқауға қатысқан өнерлі студенттерге қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болған студенттерге дипломдар табысталды.
І дәрежелі дипломмен (І орын) марапатталды: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің филология факультетінің 2 курс студенті Құрбантаева Камала (жетекшісі – Ж.З. Кадина.);
ІІ дәрежелі дипломмен (ІІ орын) марапатталды: Қарағанды медицина университетінің студенті Рахимбаева Наргиза (жетекшісі – А.Б. Аширбекова.); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің СИБ-23-4 тобының студенті Ерболқызы Жұлдыз (жетекшісі – Байпелова Г.С.); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің НД-24-2 тобының студенті Сайлау Мұса (Ұлттық тәрбие тағылымы үйірмесінің мүшесі) (жетекшісі – М.Ә. Хасен).
ІІІ дәрежелі дипломмен (ІІІ орын) марапатталды: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ІТМ-24-2 тобының студенті Махмуд Әлішер (жетекшісі – Н.Т. Нығметова); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Цаф-24-3 тобының студенті Амангелді Жанель (Ұлттық тәрбие тағылымы үйірмесінің мүшесі) (жетекшісі – Ғ.М. Әбілқасов); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ГД-24-3 тобының студенті Амреева Айғаным (жетекшісі – Н.А. Конурова).