Бұл біздің қолымызда


Қоршаған ортаға қамқорлық жасау — біздің ортақ міндетіміз. Біз жерді келесі ұрпаққа қандай күйде мұра етіп қалдыратынымызға бәріміз жауаптымыз.

Біздің университеттің студенттері қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға белсенді қатысудың жақсы мысалы бола алады. Мысалы, «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының студенттері «Қақпақша» атты кезекті экологиялық акцияны өткізді. Тек өз қолдарыңыз бен тапқырлықтарыңызға сүйене отырып, егер қаласаңыз, ешқандай материалдық шығынсыз пайда әкеле алатынын іспен дәлелдеді.

Акцияның барлық 44 қатысушысы – ОП-19-1 (жетекшісі Абдыгалиева С.Ж.); ОП-19-1 (жетекшісі Балабаев О.Т.); ОП-20-1 (жетекшісі Бейсембаев Д.М.);  ОП-20-2 (жетекшісі Альжанова А.К.) және ОП-20-1с (жетекшісі Қанат Ф.Е.) топтарының студенттері бар күшін салып жұмыс жасады.

Кто-то может сказать: «Подумаешь, крышечки собрали – большое дело»

Мүмкін біреу: «Қақпақтарды жинап шықты, сол да жұмыс па» деп айтар. Осыған қарап орыс әдебиетінің классигі А.П. Чеховтың: «Егер жер бетіндегі әр адам қолынан келгеннің бәрін жасаса, біздің жер қандай әдемі болар еді» деген сөздері еріксіз еске түседі.  Бұл бұрынғыдан да өзекті болып көрінеді. Қазіргі жастардың, университет студенттерінің үлгісінде көрініп тұрғандай, экологиялық проблемаларды шешуден тыс қалмайтыны жақсы. Осындай акцияларға тікелей қатыса отырып, болашақ мамандар қоршаған ортаға мұқият болуды ғана емес, сонымен қатар оның жағдайын жақсарту үшін шынымен пайдалы нәрсені жасауды үйренеді.

Без рубрики