Бүгін, 5-қыркүйек күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Калыков Абай Қобыландыұлы «Инновациялық технологиялар» және «Тау-кен ісі» факультеттеріне оқуға түскен 1-курс стденттерімен кездесу өткізді.


Абай Қобыландыұлы ең алдымен студенттерді университтетке оқуға түсулерімен және  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,  білім алу жолында тамаша таңдау жасағандарын айтты. Кездесу барысында университеттің оқу процесі, ішкі тәртіп ережелері мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Университет жанынан құралған  «Жас Орда» студенттер ұйымының жұмысымен таныстырып, жастардың ізденімпаздығы мен шығармашылығын қолдайтынын, өйткені олар – ел болашағы екенін атап өтті. Студенттерді университет өміріне белсенді қатысуға, жаңа достар табуға, өз қабілеттерін ашуға шақырды. Әрқашан жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді. Жаңа оқу орнындағы өмірге бейімделу және жатақханада тұратын студенттерге өз кеңестерін айтты. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың университеттегі алғашқы қадамдарына қолдау көрсетті.

Бұл кездесу студенттер үшін өте маңызды орын алды. Жаңа ортаға келіп, университет өмірімен танысып жатқан кезеңде басшылық тарапынан қолдау көрсетуі және жүрекжарды тілегі студенттерге жігер сыйлап, рухани күш берді.

Кездесу соңында университ тіршілігі жайында презентация көрсетілді.

Без рубрики