«Қазақ тілін технологиялар арқылы оқыту мәселелері: теориядан тәжірибеге дейін» атты республикалық онлайн-семинар


Ғылым күні қарсаңында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы 28-29 наурызда «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен SDU University ұйымдастырған  «Қазақ тілін технологиялар арқылы оқыту мәселелері: теориядан тәжірибеге дейін» атты республикалық онлайн-семинарына қатысты.

Семинарға ҚР ЖОО мен колледждердің қазақ тілі оқытушыларын қамтыған жүзге жуық тыңдаушы қатысып,  өзге тілді білім алушыларға қазақ тілінде сөйлеу грамматикасына жедел (5 сағатта) үйрету тәсілдері, қазақ тілі сабағында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мен қазақ тілін оқытудағы интернет тәсілдері, жаңа технологияларды тиімді қолданудың тәжірибесі туралы заман талабына сай тың тақырыптар талқыланды.

Семинар спикерлерінің қатарында қазақстандықтармен қатар Джорджия университетінің (АҚШ) докторанты Ұлбосын Парманның «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту: ауызша тарих жобасы» тақырыбындағы дәрісі мен SDU University Пәнаралық зерттеу орталығының директоры, қауымдастырылған профессор Райхан Абнасырованың арнаулы жобаны талдап түсіндіруі тіл мамандарының қызығушылығын оятты.

Семинар соңында тыңдаушылар және  «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының 8 профессорлық-оқытушы құрамы сертификаттар иеленді.

Без рубрики