Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі және облыстық білім басқармаларының ұйымдастыруымен 16 сәуірде Достық үйі ғимаратында форум өтті. Форумға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ЖОО оқытушы-профессорлары, тіл жанашырлары, журналистер, барлығы бес жүзге жуық адам қатысты. Аталмыш шараның мақсаты қазақ тілі пәні мұғалімдеріне бағыт-бағдар, мотивация беру. Қазақ тілін оқытуды тиімді, жүйелі ұйымдастыру, заманауи цифрлық ресурстар, соңғы 3 жылда жарық көрген оқу құралдары мен сайттармен таныстыру. Сондай-ақ «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің тұсаукесер рәсімі өтіп, веб-сайтымен таныстырылды. Жиынның алғы сөзі Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынға берілді. Сондай-ақ шара қонақтары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «ҚР Мәдениет қайраткері», «Ұлт қайраткері», «Тіл жанашыры» құрмет атақтарының иегері -Иса Қазбек Жарылқасынұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті — Рауан Кенжеханұлы және де т.б. тіл жанашырлары қатысты.
Игі істің соңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің атынан тілдің мәртебесін көтеріп жүрген ұстаздарға Құрмет грамоталары мен алғысхаттар табысталды.
Форумда «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы зор еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін» Құрмет грамотасымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті Қарлығаш Мәуенқызы Хамзина марапатталды.
Әріптесіміз Қарлығаш Мәуенқызының еңбегінің бағаланғанымен құттықтай келе, зор денсаулық, табыс және жаңа белестерді бағындыру тілейміз!