2016 жылғы 2 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Қазақстанның антиядролық бастамалары» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге баяндамаларымен «Неведа-Семей» қозғалысы Қарағандылық филиалының төрағасы Хамиев М.Х.; ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Қарағанды облыстық Чернобыль-Семей ардагерлер одағы» кеңесі төрағасының міндетін атқарушы, ЧАЭС апатын жоюға және 1986 жылдың 2 қыркүйегінде Семей ядролық сынақ полигонын жабуға қатысушы, халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі Минин В.М.; медицина қызметінің полковнигі, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы, Семей атом полигонында қызметін өтеген Көпбаев Ж.Б.; Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы Баекенов М.К.; сонымен қатар Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы, кеңес мүшесі Науменко И.К.; ҚарМТУ-дың ПОҚ және студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі саясатын іске асыру құралдары мен тетіктерін одан әрі дамыту бойынша тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамаларын талқылауда келесі ұсыныстар қабылданды:
- Семей ядролық сынақ полигонына Дүниежүзілік мұра мәртебесін беру. ССП Дүниежүзілік мұражайында ұрпақтар үшін әлемдік достастық құру.
- Қазіргі уақытта ерекше назарды Семей өңіріндегі елді мекендердегі радиоэкологиялық ахуалды зерттеу Институтына аудару керек.
-