Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында бейбіт атом тақырыбындағы үздік бейнероликке конкурс басталды


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында бейбіт атом тақырыбындағы үздік бейнеролик конкурсын бастады.  

Конкусрқа қатысу шарттары:

  • Бейнеролик қатысушының қалауы бойынша кез-келген жанрда түсірілуі мүмкін (ақпараттық материал, сұхбат, репортаж, бейнеклип, музыкалық, анимациялық немесе әзіл-сықақ ролик және т. б.), ұзақтығы 20 секундтан 3 минутқа дейін;
  • бейнеролик Instagram, Youtube, TikTok немесе Facebook әлеуметтік желілерінде 2023 жылдың 10 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жариялануы керек;
  • бейнероликтің атауында #БейбітАтом хэштегі болуы керек;
  • бір қатысушының атынан байқауға қатысатын бейнероликтер саны шектелмеген;
  • конкурс қорытындысы шығарылғанға дейін қатысушының аккаунты ашық болуы тиіс;
  • конкурсқа қатысушы ҚАЭС-тің Instagram @knppkz және Telegram аккаунттарына жазылуы тиіс https://t.me/knpp_kz.

Конкурстың жеңімпаздарын конкурс комиссиясы мынадай критерийлер бойынша анықтайды: мазмұны, өзіндік ерекшелігі, шығармашылығы, аудиторияның қызығушылығы.

Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар ақшалай (50000-нан 200000 теңгеге дейін) және ынталандыру (ҚАЭС-тің бренд өнімдері) жүлделерін алады.

Конкурсқа ұсынылған кез-келген жұмыстарды кейіннен «ҚАЭС» ЖШС халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысында пайдалана алады.

Нәтижелерді жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың 20 желтоқсанында өтеді.

Без рубрики