«Қазақстандағы діни экстремизм: сабақтар, тәжірибе, қарсы тұру механизмдері» атты ғылыми- тәжірибелік конференция


Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұру бойынша 2013 -2017 ж. арналған  мемлекеттік бағдарламаны  жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысының дін істері жөніндегі басқармасы  ҚБ «Нұрлы Біліммен» серіктестікте осы жылдың 25 қарашасында «Болмыс және түсініктер» және «Діни экстремизмнің әсері және жеңу механизмдері»  атты екі секцияның жұмысын ұйымдастырумен «Қазақстандағы діни экстремизм: сабақтар, тәжірибе, қарсы тұру механизмдері» тақырыбында ғылыми- тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция материалдарының жинағына мақала қабылдау 2014 ж. 20 қазанына дейін жүргізіледі. Осы жылдың 5-ші қарашасына дейін редколлегия мүшелері материалдарды таңдап, аталмыш жинақты жасау жұмыстарын жүргізеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде көмек көрсетулеріңізді және орындарыңызда жинаққа материал жинауларыңызды сұраймын.

Талаптар: пленарлық отырыста баяндауға арналған мақаланың көлемі-  Times New Roman   шрифтімен жазылған, арасы жоларалық интервалды 10-15 бет, секцияда -5-7 бет.

Без рубрики