Қазақстан жоғары оқу орындарының көрмесі – Ташкентте


Қазақстан жоғары оқу орындарының  көрмесі – Ташкентте!

Қазақстан жоғары оқу орындарының білім алушыларға ұсынып отырған білім сапасы шетелдік жоғары оқу орындарынан кем түспейтіндігі жыл өткен сайын дәлелдене түсуде. Бұған біздің студенттердің халықаралық олимпиадалар мен сайыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері мен өзге елдерден отандық білім ордаларында оқуға тілек білдірген студенттер санының көбеюі мысал бола алады.

Жақында ғана Өзбекстан елінің астанасы  Ташкент шаһарында болып өткен «Қазақстан білім беру күнінде» мемлекетіміздің жоғары оқу орындары қатысқан көрмеде біздің білім ұйымдарының мәртебесі жоғары екендігі айқын  көрінді.

Елімізден осы көрмеге қатысқан қырықтан астам ЖОО-ның ішінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті де бар-тын. Шараға 350-ден астам өзбек жастары келіп, Қазақстанда жоғары білім алудың шарттарымен танысты. Біздің білім ордасында білімін жетілдірем деген 50 шақты студентпен алдын-ала келісімшарт жасалды. Көрмеде отандық өзге ЖОО-мен салыстырғанда көршілес елдің жастары арасында ҚарМТУ-ға оқуға түсуге ниет білдіргендердің  көптігі мерейімізді өсіріп тастады.

Осының өзі университетіміздің жақын шетелде де танымал оқу орны екендігін көрсетіп отыр.  Ендігі біздің ұжымымыздың  алдындағы міндет бауырлас өзбек елінен ілім іздеп келген абитуриенттердің сұранысын қанағаттандырып, оларға сапалы білім беру болмақ.

Без рубрики