Республикалық жастар антиядролық он-лайн форумының мақсаты: ядролық қауіпсіздікті күшейту жөнінде Қазақстан саясатын жүзеге асыру құралдары мен механизмдерін дамыту бойынша перспективаларды анықтау және тәжірибе алмасу.
Республикалық жастар антиядролық форумының міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы ядролық қауіпсіздік аймағындағы ағымдық жағдайды жариялау;
- халықаралық жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту бойынша Қазақстан
әрекетінің нәтижелілігін талқылау және бағалау;
- халықаралық аренада Қазақстан имиджін көтеру мәселелерін, Қазақстанның қарусыздандыру,
ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік аймағында жаһандық көшбасшылығын талқылау;
- Қазақстанның жаһандық антиядролық бастамаларын дамыту перспективалары.
Республикалық жастар антиядролық форумын өткізу орны және уақыты:
2016 ж. 10 наурыз, 10.00-13.00. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас корпус ғимараты, мекен-жайы: Қарағанды қ., Б. бульвары к., 56-үй, акт залы.
Халықаралық және республикалық деңгейдегі қатысушылар Форумға келе алмаған жағдайда желілік режим (интернет бойынша) арқылы қатыса алады.
ЖОО үшін Форумды өткізу талаптары:
- Windows 7 операциялық жүйесінен төмен емес компьютер;
- Веб – камера;
- Микрофон;
- 8 мБ/с кем емес жоғары жылдамдықты интернетке қосылу;
- ҚарМТУ-ға 17 ақпан 2016 ж. дейін онлайн-режимде (k.shtefan@kstu.kz) қатысатыны туралы алдын ала статусы (негізгі немесе қосымша) көрсетілген өтініш жіберу қажет.
- Әр негізгі аймақтық ЖОО 500 адамнан кем емес қатысушыны қамтамасыз етуі керек.
Форумның қорытындысын жариялау үшін желілік электрондық еңбектер жинағы шығады:
- Әр аймақтық негізгі ЖОО өзінің электронды жинағын шығару қажет.
- Үздік материалдар көбінесе ҚарМТУ-дың электронды жинағына жариялануы керек.
БАЙЛАНЫС
тел.: 8(7212)56-88-01, 56-59-35 (ішкі 1042)
Е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru