«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» шеберлік сабағы


Шеберлік кураторлық сағатының өту күні, уақыты, аудиториясы бекітілген графикке сәйкес келеді. Кураторлық сағаттың міндеті, мақсаты,  мазмұны календарлық жоспарға сәйкес келеді. Техникалық жоғарғы оқу орындары  студенттерін жаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жоғары деңгейде қарастырылған: Отан сүйгіштіке, адамгершілікке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Студенттерді елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Өткізу формасы: слайдтер, мультимедиялық бейнеролик, баяндама, плакат, сұхбат алу бойынша бейнеролик және т.б.

Жаңа педагогикалық технология мен әдістерді қолдану (инновациалық тәсіл): «Модерация» әдісі, «Топтық жұмыс» әдісі «Тақырыптық сергіту» әдісі.

1 — кезең (еркін және сенімді атмосфера жасау) Куратор сағатының тақырыбы,  мақсаты, жоспарымен таныстырылды. Ортаға топ мүшелерінен 2 жүргізуші шығып, кураторлық сағатты бастады. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді.

Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек. Біз үшін бүл үлкен құрмет. Сол себептен де осы жылды өзімізге Мемлекеттік рәміздерді құрмет ұтумен бастағылары отырмыз.

2 – кезең (талқылаудың тақырыбын және мәселесін анықтау,  тұжырымдау).

Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Студенттерді 3 топқа бөлу. 1 топ – Қазақстан Республикасының Әнұран туралы, 2 топ – Қазақстан Республикасының Ту туралы, 3 топ – Қазақстан Республикасының Елтаңба туралы мәліметтер дайындап, презентациясын ұсынды.

3 — кезең (шағын топтарда тақырыптарды талқылау және нәтижелердің жалпы презентациясы). Топ мүшелері тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы презентациясын ұсынып, талқылап, сұрақ-жауап арқылы пікірталас ойынын  өткізді. Осы арқылы студенттер ерекше  идеялар құруға дағдыланды.

4 — кезең (жұмыс нәтижелерін жалпылау және нақтылау). «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында өлең шумағы, ойтолғау, сұхбат, вайн көрсету сияқты шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Бұл студенттердің ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамытатыны сөзсіз.

5 — кезең (жұмыс қорытындысын жасау, алған әсерлерімен бөлісу). Өткізілген кураторлық сағатты қорытындылай келе, тақырып толық ашылғандығы, студенттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толыққанды ақпарат алғандығы байқалды.

Сергіту кезеңі: Бұл кезеңде студенттер ұяшықты таңдап, сол ұяшықта жасырылған тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап берді. Сұрақ – жауап  барысында студенттер өздерін еркін, әрі белсенді көрсетті.

Кураторлық сағат мазмұнды, көптеген ақпараттарға толы болды.

  1. Қолданылған құрылғылар мен дидактикалық заттарға сипаттама: 28 аудитория барлық керекті құралдармен жабдықталған. Онда компьютер, интерактивті тақта, проектор, мультимедиялық колонкалар болды.
  2. Санитарлық-гигиеналық режим және қауіпсіздік техникасы (аудиторияның сипаттамасы): 28 аудиторияда өрт сөндіру, университет оқытушылары мен студенттері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар жиынтығы бар, аудиториядағы интерактивті тақта, компьютерлер, видеопроекторлар таза. Орындар саны топ студенттері мен қонақтардың санына сәйкес келеді.
  3. Білім беру қызметін ұйымдастыру:

Кураторлық сағатты өткізудің сапасы және пайдасы:

Студенттерді кураторлық сағаттың алдында, көңіл-күйлерін қалыптастыру: Студенттердің көзқарастары оң, кураторлық сағатқа жауапкершілікпен қарайды.

Кураторлық сағаттың ұйымдастыру бастамасы (әдістері мен әрекеттері): кураторлық сағат басында видеопроектор арқылы слайд-презентация қосылды.

Осы кезеңге кеткен уақыт: кураторлық сағатқа дайындық 16:00 дейін болды.

Мазмұндық бөлімі:

— ақпаратпен толықтығы: кураторлық сағаттың мазмұндық бөлімі ақпаратқа толы болды, мәліметтердің танымдық деңгейін көрсетті, студенттердің қабылдауына жеңіл әрі қызықты болды.

Кураторлық сағатты өткізуге таңдап алынған жұмыс тәсілдері мен әдістерінің тиімділігі:

Кураторлық сағатты өткізу барысында куратор командалық әдісті пайдаланған.

Кураторлық сағатты өткізу барысында әртүрлі әдістер қолданылған: әңгімелеу, түсіндіру, дәлелдеу.

Іс-шараны ұйымдастыру барысында әр түрлі үлгілер қолданылды (топтық, жеке, екеулеп және т.б.).

Кураторлық сағатта студенттер топтық үлгіні таңдады.  Студенттердің көп бөлігі белсенділік танытып, аталған тақырыпқа қызығушылықпен қарады, тақырыпты талқылауға қатысты.

Кураторлық сағаттың нысанын таңдау негіздемесі (музыкалық және поэзиялық композиция, ойын, конкурс, пікірталас) және т.б. кураторлық сағатты өткізу нысаны ретінде, пікірталас, интеллектуалды пікірталас, студенттердің топталып жұмыс істеуі таңдалды.

Әр кезеңде уақытты пайдаланудың ұтымдылығы: кураторлық сағаттың әр кезеңінде уақыт ұтымды түрде пайдаланылды;

Календарлық жоспар бойынша алынған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты тақырыптағы кураторлық сағат 50 минутты құрады;

Кураторлық сағаттардың қорытындысын шығару кезеңінің сипаттамасы: кураторлық сағаттың қорытындысын ИТФ деканы, Х және ХТ кафедрасының меңгерушісі, патриоттық тәрбиелеу беру ҒЗИ әдіскері және «Серпін» ОО жетекшісі өзінің қорытынды сөзінде айтты.

 

  1. Кураторлық сағат өткізілген топқа жалпы мінездеме беру

Тізім бойынша 15, кураторлық сағатқа қатысқандар 15, кешіккендер 0, болмағандар  0;

Студенттердің топта жұмыс жасау деңгейі (әркім өз-өзімен, топ тату, тату емес) топтағы атмосфера достыққа, құрметке құрылған.

Белсенділік деңгейі (барлық топтың және жекелеген студенттердің):

— топ студенттерінің негізгі бөлігі қатысып, материалдарға қызығушылық танытты,

— топтың белсенділігі жоғары.

Кураторлық сағаттағы  студенттердің іс-әрекеті: репродуктивті белсенділік, өнімділік, шығармашылық белсенділік.

Сабаққа қызығушылығы: оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында қызықты ақпараттарымен бөлісті.

Талқылаудағы сенімділік: талқылау барысында кейбір студенттердің бойынан ойлау кеңдігі, теориялық сауаттылық, өзіне деген сенімділік байқалды.

Студенттердің сөз сөйлеу мәдениеті, сауаттылығы: Топтың көптеген студенттері ойларын дәйекті және сауатты білдіруде.

Мінез-құлық мәдениеті, тәртіп:

— талқылауға топтың барлық студенттері қатысты. Студенттер белсенділік танытты, кураторлық сағаттың күн тәртібі туралы өз пікірлерін білдірді. Талқылау барысында топтағы атмосфера құрмет пен мейірімге толы болды.

  1. Куратордың іскерлік қасиеттерінің сипаттамасы:

Куратордың іскерлік қасиеттерінің сипаттамасы, аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі:

— іс-шара барысында студенттердің назарын өзіне аударта білді;

— кураторлық сағаттың адамгершілік-психологиялық атмосферасы;

— қарым-қатынастың қарапайымдылығы, өзара сыйластық, талапкерлік, қалжың, бейтараптық көзқарас, бағалаудың әділеттілігі, салмақты реакция;

— басқа қырлары: тәлімгер кураторлық сағатты өткізуге жақсы дайындалған, баяндамадағы материалды толық меңгерген, топтың белсенді бөлігіне назар аударады. Куратордың сағат барысында  куратор түрлі әдістерді қолданды: баяндау, түсіндіру, көз жеткізу. Куратордың сөйлеу мәдениеті өте жоғары,  мінез-құлқы салмақты, өз ойын түсінікті, қабылдауға жеңіл түрде жеткізе біледі.

  1. Кураторлық сағаттың нәтижелігі:

Шығармашылық атмосферасын қалыптастыру, проблеманы түсіну тереңдігі және т.б.: Кураторлық сағаттың ақпараттық мазмұны (тақырыпқа сәйкес) студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға  септігін тигізеді, тақырыпқа сәйкес келеді.

  1. Қорытынды, ескерту: кураторлық сағаттың мақсаты орындалды

 Кураторлық сағатқа қатысқандар: 

 ИТФ деканы                                                               Г. Самашова

 ИТФ деканының ТІ жөніндегі орынбасары                                                  Н. Амантаев

Х жәнеХТ каф. меңгеруші м.а.                                 А. Такибаева

«Серпін» ОО жетекшісі                                            Ш. Жетпісбай

Патриоттық тәрбиелеу беру ҒЗИ әдіскері             А. Ботабек

Х жәнеХТ каф. аға кураторы                                 М. Жақсыбаева

ОПИ-16-2 топ кураторы                                          Б. Акимбекова

Без рубрики