Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі қатысушының сауалнамасына сәйкес 2024 жылғы 15 қазанға дейін.
1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысуға инженерлік білімі жоғары және құзыреттілік деңгейі жоғары, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде инженерлік жұмыспен айналысатын, жасына, лауазымына, ғылыми атағы мен дәрежесінің болуына қарамастан, инженерлік әзірлемелердің елеулі нәтижелері бар адамдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысатын кандидатураларды облыстық атқарушы органдар, ғылыми-техникалық қоғамдардың өңірлік қоғамдық ұйымдарының және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылығы конкурс комиссиясына ұсынады.
Кандидатураны ұсыну кезінде кандидаттың келесі қасиеттерін ескеру қажет:
- техникалық ойлау дербестігі және жаңа материалдарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, технологияларды әзірлеуге дайындығы, машиналарды, жабдықтар мен аспаптарды автоматтандырылған жобалау, конструкциялау дағдыларын меңгеруі;
- талдамалық қызметке бағдарланған дайындық кешенділігі, кәсіби қызмет мазмұнының өзгеруіне икемді бейімделу;
- ғылыми талдау және синтез негізінде техникалық мәселелер бойынша өз пікірлерін еркін жеткізе білу;
- өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды, өнімнің, технологияның, жұмыстар мен қызметтердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қабілеті;
- шығармашылық бастаманы, рационализацияны, өнертабысты дамыту, отандық және шетелдік ғылымның, техниканың жетістіктерін енгізу, Ұйымның тиімді жұмысын қамтамасыз ететін озық тәжірибені пайдалану;
- өзінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша жұмыс (үздіксіз білім алу және өз бетінше білім алу).
2. Конкурсқа кандидатуралар мен материалдарды ұсыну тәртібі мен мерзімі
Қатысу үшін Конкурстық Комиссияға келесі ілеспе материалдармен өтінім беру қажет:
- отырыс хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, кандидатураны ұсыну (ұсыным);
- инженерлік тәжірибе деңгейі туралы сараптамалық қорытындысы бар кандидаттың кәсіби жетістіктері туралы мәліметтер;
- қатысушының сауалнамасы (Комиссия бекіткен нысан бойынша);
- жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
- кандидат баспасөзде жариялаған ғылыми жұмыстардың тізімі, өнертабыстардың, патенттердің және рационализаторлық ұсыныстардың тізбесі және т. б.
- 3×4 см түсті фотосурет (электронды түрде);
- жетістіктерді немесе дамуды суреттейтін схемалар, графиктер, суреттер, фотосуреттер (қатысушылардың қалауы бойынша);
- үміткердің жетістіктері туралы қысқаша ақпараты бар буклетте жариялауға арналған түйіндеме (20 жолға дейін).
Конкурсқа қатысу үшін материалдар жіберу:
- Пошта арқылы: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 80, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы.
- Электрондық пошта арқылы e-mail: nia_rk@mail.ru
Тел/факс бойынша анықтамалар: 8(727) 291-52-90, т/факс: 8(727) 2915190.
3.Жеңімпаздарды іріктеу және марапаттау рәсімі
Құжаттарды қарау осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Іріктеу рәсімі Комиссияның конкурсанттарға сараптамалық бағалау жүргізуін қамтиды. Конкурсқа қатысушы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген немесе дұрыс емес ақпарат ұсыныған жағдайда конкурсқа қатысудан бас тартылуы мүмкін.
Конкурс нәтижелері Комиссияның қорытынды отырысында жыл сайын IV тоқсанда шығарылады және жеңімпаздар тізімін қамтитын хаттамамен ресімделеді.
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНЖЕНЕРІ» естелік медалімен марапатталады.
Конкурс қорытындылары ҚР ҰИА сайтында, «ҚР ҰИА Хабаршысы» журналында және Қазақстан Республикасының басқа да ақпараттық ресурстарында конкурс жеңімпаздарының есімдерімен және олардың жетістіктері туралы қысқаша ақпаратпен жарияланады.