«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» атағын беру байқауы басталды


«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы»  атағын беру  қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы  Әділет министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 494  бұйрығына және Қазақстан Республикасының  Патент Заңының 9- бабының 5- тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын  беруге  өтінішхатты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны  қабылдайды.

Байқауға қатысу  туралы  өтінішхат  2018 жылдың  бірінші мамырына  дейін:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ.,  Есіл ауданы,  Корғалжын тас жолы, 3Б- ғимараты мекен- жайы бойынша қабылданады.

«Еңбегі сіңген өнертапқыш»  атағын беруге өтінішхат  беруге байланысты  сұрақтар туындаған жағдайда  Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасына хабарласуларыңызды сұраймыз, байланыс телефондары: Хабиденова А.А. – Басқарма басшысы, жұмыс телефоны –  621 — 529; Шертышева И.Т. – Басқарма басшысының орынбасары, жұмыс телефоны –  621- 513.

Без рубрики