Қазақстан Республикасы ЖОО сұраныстың тәуелсіз рейтингі – 2024


Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «Қазақстан Республикасының ЖОО-на деген сұраныстың тәуелсіз рейтингі – 2024» білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулерді рейтингтеу мен бағалаудың тиімді құралы болып табылады. Рейтингке қатысу ел экономикасының әртүрлі салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлауда әлемдік деңгейдегі сапаға қол жеткізуге бағытталған, сонымен бірге білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен табысын арттырудың негізгі факторына айналуда.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары топтары бойынша рейтингінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің барлық білім беру бағдарламалары ТОП – 10-ға енді. Рейтингке университеттің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 50 білім беру бағдарламасы қатысты, оның ішінде 34 білім беру бағдарламасы 1-3 орынға ие болды.

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша 6В07201 Пайдалы қазбалар кен орындарының барлау мен геология, 6В07202 Тау-кен ісі, 6В07206 Маркшейдерлік іс, 6В07204 Металлургия 1-орынға ие болды. 2 орынды 6В07302 Геодезия және картография, 6В07304 Құрылыс, 6В07305 Құрылыс материалдары, бұйым және құрылма өндірісі, 6В11201 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау, 6В07103 Материалтану мен жаңа материалдардың  білім беру бағдарламалары иеленді. 3 орынды 6В07110 Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6В07108 Жылу энергетикасы, 6В07109 Электр энергетикасы, 6В07104 Машина жасау, 6В07111 Технологиялық машиналар мен жабдық (салалар бойынша) оқу бағдарламалары иеленді.

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 7М07204 Металлургия, 7М07102 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, 7М07201 Пайдалы қазбалар кен орындарын геоофизикалық әдіспен барлау және іздеу, 7М07205 Маркшейдерлік іс, 7М07202 Пайдалы қазбалар кен орындарының барлау мен геология, 7M07301 Геодезия. 2 орынды 7М07109 Технологиялық машиналар мен жабдық (салалар бойынша), 7М07103 Машина жасау, 7М07104 Көлік, көлік техникасы мен технолоиялар, 7М07203 Тау-кен ісі, 7М07303 Құрылыс материалдары, бұйым және құрылма өндірісі білім беру бағдарламалары иеленді. 3 орынды 7М07101 Автоматтандыру мен басқару білім беру бағдарламасы иеленді.

Айта кетейік, барлық докторантураның білім беру бағдарламалары жүлделі орындарға ие болды және келесідей бөлінді: 1 орын – 8D07101 Машина жасау, 8D07201 Пайдалы қазбалар кен орындарының барлау мен геология, 8D07202 Тау-кен ісі, 8D07302 Құрылыс материалдары, бұйым және құрылма өндірісі. 2 орын – 8D07203 Металлургия, 8D07103 Электр энергетикасы, 8D07301 Құрылыс. 3 орын – 8D07102 Көлік, көлік техникасы мен технолоиялар.

Мыңдаған ұжымды рейтингтегі жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз. Университет өзінің күнделікті қызметінде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жұмыс істейді, бұл оның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылады және елдің жетекші университеттері арасында бедел мен танылуға ықпал етуіне әсер етеді.

Без рубрики