Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


16-желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні – Қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі, ұлттың ұлы күні. Бұл – еліміздің ұлттық тарихындағы айрықша тарихи дата. Еліміз Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басқан биылғы жыл – жаңа дәуірдің басы.

День независимостиТәуелсіздік – кез келген халық үшін өте қадірлі ұғым. Азаттықты ғасырлар бойы аңсаған халқымыз былтыр асыл арманы орындалған ұлы күн – Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығын салтанатпен атап өтті. Үш жүз жыл бойғы бодандық бұғауынан азат болған қазақ халқы тарих көшімен салыстырғанда қас-қағымдай осынау уақыттың ішінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен төрткүл дүниеге танылды, әлем мойындаған егемен ел болды.  Ежелгі қазақ даласында өзіне тән барлық институттары бар түбірінен жаңа демократиялық-құқықтық мемлекет құрылды.

Тәуелсіз Қазақстанның дүниеге келуінің ұлы шежіресі бірқатар тарихи кезеңдерден тұрады: 1990 жылдың сәуірі – Республика Президенті лауазымын тағайындау, 1990 жылдың қазаны – Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация, 1991 жылдың тамызы – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және Республикалық егемен алтын-валюта қорын құру, 1991 жылдың желтоқсаны – алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау, мемлекетіміздің жаңа атауы туралы шешім қабылдау, 16 желтоқсан – «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қабылдау, 1993 жылдың 15 қарашасы – ұлттық валютаны және қаржы жүйесін енгізу.

Қазақ қарулы күштері, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери-теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті. Жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қарқынды жүргізу арқылы нарықтық қатынастар мен институттар құрылды, этносаралық үйлесімділік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз еттік, әлемдік дағдарыс жағдайында экономикалық дамуға қол жеткіздік.

Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күнімен сіздерді кафедра атынан кұттықтаймыз. Еліміз гүлденіп көркейе берсін.

Без рубрики