Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі — ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Энергетика және машина жасау;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Жауапты тұлғалар:
- конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру бойынша Койшыгулова Лаура, тел. 8 (7172) 74-24-68,
- қаржылық сұрақтар бойынша – Калдекенова Замзагуль Далабаевна, тел. 8 (7172) 74-27-64,
- заңға қатысты сұрақтар бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67.
Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 4 наурыз.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2021 жылғы 17 сәуір (қоса алғанда).
Қосымша ақпарат үшін: dn-kstu@mail.ru бас ғимарат, 226 каб.,
56-68-22.