2022 жылдың 12 сәуірінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы Қазақстан Халық Бірлігі күніне арналған «Қазақстан – халықтардың алтын бесігі» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізілді.
Оқу сайысы ф.ғ.к., доцент Б. Р. Оспанова ОТжМ кафедра меңгерушінің басшылығымен, А. В. Тен, К. П. Цой кафедра ассистенттерінің қатысуымен өтті. Байқау өткізу кезінде келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды: Қазақстан этностарын біріктіру арқылы Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; әдеби және көркем талғамды тәрбиелеу; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жандандыру; студенттердің шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту; студенттердің қоғамдық адамгершіліктерін және рухани-мәдени құндылықтарын дамыту,және де берілген тақырыпқа авторлық шыгармаларын оқу.
Мәнерлеп оқу байқауы іштей оқыту формасында өтті. Байқауға мемлекеттік тілде оқыйтын 80 және 100 шақты 1 және 3 курс студенттері қатысты. Байқау сынағының барысында қатысушылар: Қазақстан, достық, халықтардың бірлігі мен ынтымақтастығы туралы поэтикалық шығармаларды, сондай-ақ осы тақырып бойынша авторлық туындыларды жатқа орындады.
Байқауға қатысушылардың өнерін бағалауды қазылар алқасының мүшелері: А. Ю. Кишенова, С. А. Иванова, Л. Б. Акишева, А. В. Тен, К. П. Цой келесі критерийлерге сәйкес жүргізілді:
- Сөйлеудің техникасы мен экспрессивтілігі.
- Мәтінді білу және түсіну.
- Сөйлеу сауаттылығы.
- Орындаушылық дағдылар.
- Мақсаттылығын қарау, сөйлеу және пластика.
Жүлделі орындар келесідей қағидамен бөлінді:
Конкурсқа мемлекеттік тілде қатысқан жеңімпаздар:
1 орын – Серикбай Алинур, АиУ-21-2 тобының студенті.
2 орын – Есенова Жаннұр, БСУ-19-1 тобының студенті.
3 орын – Акылбекова Ажар, ГД-21-1 тобының студенті.
Байқауға орыс тілінде қатысқан жеңімпаздар:
1 орын – Әуелхан Марал, ЦАФ-21-2 тобының студенті.
2 орын – Ислам Аружан, ХТОВ – 21-1 тобының студенті.
3 орын – Жакишова Сабина, ЦАФ-21-1 тобының студенті.
Музыкалық нөмірлерді орындаған жеңімпаздар:
1 орын – Аманжол Ернат, АиУ-21-1 тобының студенті.
2 орын – Болатов Алихан, оп-21-1С тобының студенті.
3 орын – Қайыр Мағжан, ГД-21-1 тобының студенті.
Қазақстан Халық Бірлігі күнін мерекелеу — бұл елдің барлық ұлттары мен этникалық топтарының басын қосатын мереке. «Қазақстан – халықтардың алтын бесігі» мәнерлеп оқу байқауы қатысушыларға көктем мерекесі мен бірлік халықтарының ынтымақ рухына, барлығымыз достық пен толеранттылықты бағалайтынымызды сезінуге көмектесті, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын еске алуға, басқа халықтардың ұлттық дәстүрлері туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.