29 сәуір сағат 13.00-де «Армандастар Ордасы» ТК жатақханасы алаңында Қазақстан халқының Бірлік күніне арналған, Университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында жәрменке өткізілді.
Ұйымдастырушылар – «Армандастар Ордасы» ТК № 1 және «Серпіндестер Ордасы» жатақханаларының СТУДЕНТТЕР КЕНЕСІ.
Әр жатақхана бірнеше ұлтты таныстырды:
— «Армандастар Ордасы» ТК – орыс, украин, кәріс;
— № 1 жатақхана– өзбек, неміс;
— «Серпіндестер ордасы» жатақханасы – қазақ, Кавказ халықтары.
Студенттер қонақтарға арнап ұлттық тағамдар пісірді, сондай-ақ, ұлттық би билеп, ән салды.